1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Новобратск аулының жалпы орта білім беретін» КММ 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді,
2021 жылы Новобратск аулының жалпы орта білім беретін» КММ 43 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 12;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 31.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 8;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 17.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған novobratskayash.edu.kz білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы білім басқармасы және ведомствоға қарасты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде 88 мақала жариялады, 20 дөңгелек үстел, радиода 1 хабарлау, теледидарда 2 сөз сөйлеу өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1600-ден астам қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 67 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Новобратск аулының жалпы орта білім беретін» КММ мемлекет 4 қызметкерге компьютер техникасымен көмегі көрсетілді,
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардан түскен шағым туралы ақпарат
2021 жылы тмемелкетік қызметкерлерге шағымдар түспеді.
2 Мемлекеттік қызметтерге ішкі бақылаудың спасына көрсетіген нәтижесі
Мемлекеттік қызметтерге көрсетілген қателіктер, және бас тарту болмады.
3.Жалпы мемлекеттік қызмет көрсетілген нәтижесінің сапа мониторингі
2021 жылы жалпы мониторинг көрсеткіші бойынша мемелекеттік қызмет көрсетуде қателер болмады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде қателіктер болмауға шаралар қолдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры: Сычевой А.И.
Орынд. Е.Антошкина
Тел.36-7-80