|
Қазақстан Республикасы |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);
5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
Нысан |
|
Кент, ауыл, ауылдық |
Сізден _________________________ тұратын ___________________________
(ауданның, елді мекеннің атауы)
__________________________________________________________________
(сынып, білім беру ұйымның толық атауы)
менің кәмелетке толмаған балам ___________________________________
(Т.А.Ә.(бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері)
20___ - 20___ оқу жылында (оқу жылын белгілеу қажет) жалпы білім беру
ұйымына және кері қарай үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуді сұраймын
Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау
туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия
қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
"___" _____________ 20__ жыл өтініш берушінің қолы
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Кент, ауыл, ауылдық округінің әкімі |
||
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
||
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні. |
||
4 |
Көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. |
||
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
||
8 |
Құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
||
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
||
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
||
|
Нысан |
|
||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып,
"Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес
қоғамы филиалының № __ бөлімі_______________________________________
(мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына
байланысты ________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________;
2) ____________________________________________________;
3) ____________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.Т.А.Ә. (бар болғанда)
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) __________________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________
Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ____________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
Нысан |
Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама
Осы анықтама ___________________________________________________
(білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.(бар болғанда))
№_________ (мектептің атауы) жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйіне
тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетіндігі үшін берілді.
Анықтама оқу жылы кезеңінде жарамды.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі ________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) және қолы)
____________________________________________
(елді мекеннің атауы)
|
"Шалғайдағы ауылдық елді |
|
Нысан |
АНЫҚТАМА
Осы анықтама ____________________________________________________
(білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
Ол _____________________________ сыныбында ________________ ауысымда
(мектептің атауын жазу қажет)
оқитың және тасымалдауды қажет ететіндігі үшін беріледі.
Анықтама талап етілген жерге көрсету үшін беріледі.
№ ____ мектептің директоры ___________________________________________
(мектептің атауы) (Т.А.Ә. (бар болғанда), қолы)