«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новобратское отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Картинки по запросу логотип инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғабит Мүсіреповтің шығармаларынан әңгімені сахналау қашықтықтан байқауының Ережесі

Жалпы ережелер

         Ғабит Мүсіреповтің шығармаларынан әңгімені сахналау қашықтықтан байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ережені өткізу тәртібін айқындайды.

         1. Мақсаты мен міндеттер:

         1.1.Оқушылардың  Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін тереңдету және жалпылау, қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткерін қастерлеп, құрметпен қарауды қалыптастыруды жалғастыру.

         1.2.Өскелең ұрпақтың бойында жазушыға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

         1.3.Оқуға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ой – өрісін кеңейту.

         1.4.Дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

2. Байқаудың тәртібі мен мерзімдері:

         2.1.Байқау  2022 жылдың  23 қарашасында  ZOOM  платформасы арқылы сағат 10:00 де өткізіледі.

 

3. Байқау жұмыстарын  бағалау критерийлері:

- ұсынылған жұмыс мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі;

- тақырыптың өзіндік ерекшелігі, шығармашылық жаңалығы және бейнеленуі;

- әңгіменің мазмұны мен тұтастығы;

- қатысушының актерлік шеберлігі;

- костюмдердің қойылымға сәйкестігі.

 

4. Байқаудың шарттары:

4.1. Байқау жалпы білім беретін мектептерінің 8 – 9 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әрбір өтінімге қоса берілуі керек: автордың толық аты-жөні, оның жасы, қатысушының оқитын оқу орнының атауы, жетекшісінің ұялы телефон нөмірі.

         4.2. Өтінімдер  ( Ережеге 1-қосымша) 2022 жылдың 18 қарашасына дейін   skaskeeva@list.ru  электронды мекен – жайға  қабылданады.

 

 

 

4. Марапаттау

      Облыстық Байқау қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады. Жеңімпаздар дипломдарға ие болады.

 

 

Ереженің

1 қосымшасы

 

Өтінім формасы

 

Аудан (қала), ұйым атауы

 

 

Қатысушылардың Т.А.Ә.

Мектебі, сыныбы

Жұмыстың атауы

Жетекшісінің байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім бөлімі басшысының аты-жөні,  қолы, мөрі

Жаңартылған күні: 06.12.2022 09:26
Құрылған күні: 06.12.2022 09:26

Текст