Текст
2025 жылғы 13 мамырда 9 және 11-сынып оқушыларының ата-аналары үшін психологиялық тренинг элементтерімен ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шараны педагог-психолог Чепель И.В. сынып жетекшілерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі тақырыбы — балаларды емтиханға дайындық кезеңінде қолдау көрсету және ата-ана эмоцияларын басқару, отбасында тыныш әрі тұрақты атмосфера қалыптастыру мақсатында.
Ата-аналарға алаңдаушылықты төмендетуге арналған практикалық кеңестер мен жаттығулар ұсынылып, эмоционалды өзін-өзі реттеу ережелерімен таныстыратын ақпараттық парақшалар таратылды.
Мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтып, бітірушілердің емтиханға сәтті дайындалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.