Текст
«Музыкалық “Поле чудес”»
Эстетикалық цикл онкүндігі жоспарына сәйкес КГУ Новобратское жалпы білім беретін мектебінде 6-сыныпта музыка пәнінен «Музыкалық “Поле чудес”» сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы – «Әр халықтың музыкалық аспаптары».
Жеребе арқылы ойыншылар үш топқа бөлінді. Қатысушыларға музыка саласына байланысты сұрақтарға жауап беру қажет болды. Турлардың жеңімпаздары финалдық ойынға қатысты. Оқушылар күш пен ептілікте емес, білімде – кім музыкалық аспаптар туралы көбірек біледі, соны анықтады. Әріптер біртіндеп ашылып отырды.
«Поле чудес» ойыны қызықты да көңілді өтті. Ойынның жеңімпазы – Карбаева Алиана атанды. Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына және көтеріңкі көңіл күйге ие болды.
Мұғалім: Чепель Т.А.