7-күн: «Біз табиғат қорғаушыларымыз» ұранымен бастауыш сынып онкүндігінің жетінші күні өтті. Балалар күзгі саябаққа саяхат жасады.
Мақсаты: Оқушыларды күз мезгілінің белгілері мен құбылыстарымен таныстыру.
Міндеттері: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылай білу қабілеттерін дамыту; қоршаған табиғат әлемін эстетикалық тұрғыдан қабылдау;
күз мезгілінің белгілері, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі туралы түсініктерін дамыту; табиғаттағы маусымдық өзгерістерді өз бетінше байқауға; байқағыштығын, зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын, дербестігін, шығармашылық қиялын, қоршаған әлемнің әсемдігін сезіну қабілетін дамыту;
Адамгершілік және экологиялық ойлау; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу; бақылауды, салыстыруды және қорытынды жасауды дамыту.
Бұл күні балалар балалар энциклопедияларымен танысу үшін мектеп кітапханасына да барды.
Балалар энциклопедиясын оқудағы мақсат – олардың ой-өрісін кеңейту, білуге құштарлық пен сүйіспеншілікті дамыту, сұрақтарға жауап табуға үйрету.
Негізгі міндеттер: оқушыларды қоршаған әлеммен (табиғат, техника, жануарлар, адамдар) таныстыру, әртүрлі тақырыптар бойынша түсініктерін дамыту, талдау және ақпаратты іздеу дағдыларын дамыту.
Мұғалім: Амелина Е.С.