Текст
10 қараша күні 1–4 сыныптарда Ұлттық валюта күні – теңгеге арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар қазақстандық ақшаның шығу тарихымен танысып, алғашқы банкноттар мен тиындар туралы қызықты мәліметтер білді.
Балалар теңге бейнеленген пазлдарды қызығушылықпен құрастырып, «Адал теңге» ойынына қатысты. Бұл ойын барысында олар адалдыққа, ақшаны ұқыпты ұстауға және бағалауға үйренді. Іс-шара көңілді әрі танымды өтті!
Бастауыш сынып мұғалімі: Серищева А.Ю.