Текст
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндіктің ашылуы
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндік басталды. 4 ақпан күні мектеп жиынында 4-сынып оқушылары мұғалімдер мен оқушылар үшін ортаға шығып, жақсылыққа толы тілектерін білдірді. Мектебіміздің 1-қабатында үлкен қабырға безендірілуі жасалды. Безендірілу С.А.Назарбаеваның фотосуреттеріне, өмірбаянына, шығармашылық пен қайырымдылық мақсатындағы ерен еңбегіне арналады. Жиында оушыларға онкүндіктің мақсаты, жоспары мен мазмұны таныстырылды. Онкүндік аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, шығармашылық жұмыстардың көрмесі және байқаулар өтетіндігі хабарланды.
Жетекші: Рыблер Т.И.