Текст
«Новобратск ауылының ЖОББМ» КММ-де «Наурыз – жаңару мерекесі» атты шығармашылық сурет байқауы өтті. Бұл сайысқа барлық балалар белсене қатысты. Әрбір сурет өзінің тарихымен, жарқыраған түстерімен және шексіз қиялымен ерекшеленді. Мұндай шара балалар арасында өз халқының салт-дәстүрін сақтауға септігін тигізіп, көктемгі көңіл-күй сыйлайды.