Текст
Ұлы тұлғалардың шығармалары арқылы өскелең ұрпақтың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қарашаның 14-18 аралығында қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлинге арналған «Адалдық сағатын» өткізді.
«Новобратск ауылының ЖОББМ» КММ-де 9-сынып оқушыларымен тақырыптық дөңгелек үстел өткізілді. Балалар Есенберлиннің өмірбаянымен, шығармашылығымен үлкен қуанышпен танысты.