Текст
«Новобратск ауылының ЖОББМ» КММ тарих онкүндігі аясында 5- 6 сыныптар оқушылары «Әлемнің барлық ғажайыптары» атты саяхат жасады.
Мақсаты: балаларды әлемнің қайталанбас ғажайыптарымен таныстыру, оқушылардың танымдық белсенділігін, ой-өрісін дамыту. Біз барлығымыз шынайы және виртуалды саяхаттауды жақсы көреміз. Әлемнің ғажайыптары жаралған осы дәуірден бізді орасан зор уақыт кезеңі бөліп тұр. Ғаламшардың ең жұмбақ бұрыштарына керемет қызықты саяхат жасай отырып, оқушылар әлемнің ғажайыптарымен, мәдениеттің ең танымал көрікті жерлерінің тарихымен танысты.
Мұғалім: Казакова Л.И.