Текст
«Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны
20 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы аясында қазақ тілінде «Ғажайып алаң» интеллектуалды ойыны өтті.
Ойынның мақсаты:білім деңгейін көтеру; ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; оқушыларды салт-дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Бұл ойынға 9- сынып оқушылары белсенді қатысты.
Конкурс орындар қорытындысы бойынша былайша бөлінді:
1 – орын Круглякова Мадина
2 – орын Дорохов Максим
3 - орын Гребенюк Анастасия
Жүлдегерлер белсенді ойын көрсеткендері үшін грамоталармен марапатталды. Ойын өте қызықты және танымды өтті.