Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі талантты мектеп оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау. Ауылдың дарынды балаларына жүйелі орта қалыптастырып, ұзақ мерзімді қолдау арқылы әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу, ұсыну. Олимпиадаға Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерінде оқитын 6 сынып оқушылары ғана қатысады. Олимпиада онлайн-тестілеу форматында өтеді. Ол І және ІІ-кезеңнен тұрады:
І кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Тестілеуді интернетке қосулы камерасы бар ноутбук немесе веб-камерасы бар компьютерден тапсыруға болады. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 000 оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.
IІ кезеңде қатысушылар математика…