Текст
Биология онкүндігі аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Қызықты биология» атты іс-шара өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларының интеллектуалдық ой-өрісін кеңейту; биология пәніне қызығушылықтарын дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту; логикалық ойлау; ұжымдық шығармашылық жұмыста бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 8 кезеңнен тұратын ойынға екі команда қатысты. Екі команда да қазылар алқасының есебі бойынша бірдей ұпай жинап, марапатталды. Биология пәнінің мұғалімі: Е.А.Антошкина