Текст
Бүгін биология, химия және география бойынша онкүндік аяқталды.
Осы онкүндіктің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Біздің онкүндік негізгі міндеттерді орындады деп есептейміз:
• Оқушылар арасында нақты ғылымдардың өмірдегі маңызын насихаттау;
• Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
• Пәндерді тереңдетіп оқуға ұмтылатын оқушыларды анықтау;
• Шығармашылық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту;
• Оқушыларды дамытудың педагогикалық технологиялар банкін қалыптастыру.
Барлығына жақсартуға ұмтылуды тілейміз!
ӘБ жетекшісі Бандура О.В.