Текст
Алғыс айту күніне орай 8-сыныпта «Жақсы жол – алғыс айту» атты сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаттары:
- біртұтас Қазақстан халқының достығына мақтаныш сезімін дамыту;
- дүниеге және адамдарға деген оң көзқарасты қалыптастыру;
- басқалардың мейірімді қарым-қатынасы үшін алғыс айту дағдысын дамыту.
Оқушылар Қазақстан халқының көп ұлтты қоғам ретінде қалыптасуының күрделі үдерісі туралы айтып берді.
Оқушылар бір-біріне аз да болса жылулық, мейірімділік, қуаныш сыйлап, ата-аналарына «Ата-анаға алғыс» алғыс сөздерінен коллаж жасады.
Сынып жетекшісі Бандура О.В.