Текст
6 қарашада әл-Фараби атындағы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша қашықтықтан Халықаралық олимпиада өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Олимпиадаға математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдердің барлық типтегі білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектептен 10 сынып оқушысы, география пәнінен Каржаспаева Сания қатысып, 2 орынға ие болды. Санияны шың жүректен құттықтаймыз!