«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новобратское отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Картинки по запросу логотип инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

10.11.2017

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

                                        2017-2018 оқу жылында

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУ  ХАТ

 

 

 

 

 

Астана,

2017

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының  мектепке дейінгі ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017.

 

 

 

 

 

  Әдістемелік нұсқау хат 2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдарының

басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтары мен мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған. Әдістемелік нұсқау хат «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2017 жылғы 5 маусымдағы №5 хаттама).

                                ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан- жақты дамытуға, адамгершілік нормаларды қалыптастыруға бағытталған, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жҥйесінің негізі болып табылады.

2017-2018 оқу жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін маңызды болып табылады. Бүгінгі күні 807,2 мың бала контингентіне 9410 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның 2336 – жеке мектепке дейінгі ұйым.

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;

 -балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;

- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.

Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді

орындайды:

- балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;

 - балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;

 - рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;

- балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;

 - әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі сезінуін дамыту;

 - баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.

2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінде білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 ҚРҤҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1- қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бҧйрығы) сәйкес ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мектеп жасына дейінгі

балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:

 - өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;

-апталық циклограмма;

- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.  

Әдістемелік-нұсқау хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) Стандарт талаптарына сәйкес:

- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;

 - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;

 - баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық- кеңістіктік дамытушы ортаны құруға;

- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;

- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;

 - әртүрлі жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;

 - мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі

Білім беру салаларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылады.

Мысалы, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметін, сондай-ақ күн тәртібінің сәттерін өткізуде педагог балалардың ауызекі сөйлеуін дамытады, сөздік қорды толықтырады, санауға, би қимылдарын қолданып, музыканың сҥйемелдеуімен жаттығулар орындауға ҥйретеді. Кіріктіру ҧстанымын қамтамасыз ету балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және қоршаған ортаны тұтас қабылдауға ықпал етеді.

Өтпелі тақырыптарды мақсатты тұжырымдау жас тобына, білім беру салаларына, ұйымдастырылған оқу қызметтері түрлеріне

байланысты.

 1. «Балабақша» – балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

2.«Менің отбасым» – отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік

береді.

3.«Дені саудың жаны сау» – баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, мектепке дейінгі ұйымда, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттіліктерін қолдана отырып, балалардың белсенді әрекетке қажеттіліктерін

байытуға бағытталған.

4. «Менің Қазақстаным» – балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

5.«Табиғат әлемі» – тірі және өлі табиғат заттары мен ққбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.

6.«Бізді қоршаған әлем» – қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.

7.«Салт-дәстүрлер және фольклор» – Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың салт-дәстҥрлерімен таныстыруға, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

8.«Біз еңбекқор баламыз» – қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

9.«Әрқашан кҥн сөнбесін» – балалардың бойында адамгершілік қасиеттерін жақын адамдарына сүйіспеншілік, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған еліне, қаласына, ауылына құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.

Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, серуен, балалардың үйге қайтуы, т.б. күн тәртібіндегі  процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады .

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;

- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;

- үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру. Күн тәртібі, Перспективалық жоспар,  Циклограмманың құрылымы әрбір топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.

Мектепке дейінгі ұйым күн тәртібінің үлгiсі

Режим компоненті

 

 

Балалардың жасы

2–3

3–4

4–5

5–6

1

2

3

4

5

Үйде (ұйқыдан тұру)

6.30 -

7.30

6.30 -

7.30

6.30 -7.30

6.30 - 7.30

Қабылдау, тексеріп-қарау, ойындар, таңертеңгі жаттығу

7.00 - 8.00

7.00 -

8.00

7.00 -

8.00

7.00 -

8.00

Таңғы ас

8.00 -

8.30

8.20 -

8.55

8.30 -

9.00

8.00 -8.30

Ойындар, ұйымдастырылған

оқу қызметіне дайындық

8.30 -

9.00

8.55 -

9.20

9.00 -

9.15

8.30 -8.45

Ұйымдастырылған оқу қызметтері (үзiлiстердi қоса алғанда)

9.00 -

9.30

9.20 -10.00

9.15 -

10.00

8.45 -10.20

Серуендеуге дайындық

9.30 -9.50

10.00 -

10.20

10.00 -

10.20

10.20 -10.30

Серуендеу

9.50 -

11.30

10.20 -

12.00

10.20 -

12.10

10.30 -12.00

Серуендеуден оралу

11.30 -

11.50

12.00 -

12.20

12.10 -12.30

12.00 -12.20

   Түскі ас

11.50 -

12.30

12.20 -

13.00

12.30 -

13.00

12.20 -13.00

 Ұйқы

12.30 -

15.00

13.00 -

15.10

13.00 -

15.10

13.00 -15.10

Бiртiндеп тұру, ауа, су емшаралары

15.00 -

15.30

15.10 - 15.40

15.10 -

15.40

15.10 -15.40

   Бесін асы

15.30 -

16.00

15.40 -

16.00

15.40 -16.00

15.40 -16.10

Ойындар, өз бетiнше жұмыс

16.00 -

16.20

16.00 -16.30

16.00 -16.30

16.10 -

16.40

Серуенге дайындық

16.20 -

16.40

16.30 -

16.50

16.30 -16.50

16.40 -16.50

Серуендеу

16.40 -

18.00

16.50 -

18.00

16.50 -

18.00

16.50 -

18.20

Серуенне оралу

18.00 -

18.20

18.00 -

18.20

18.00 -

18.20

18.20 -

18.30

Кешкі ас

18.20 -

18.45

18.20 -

18.45

18.20 -

18.45

18.30 -

18.50

Балалардың үйге қайтуы

18.45 -

19.00

18.45 -

19.00

18.45 -

19.00

18.50 -

19.00

Үйде

 

 

 

 

   Серуендеу

19.00 -

19.50

19.00 -

20.00

19.00 -

20.10

19.00 -

20.15

  Ойындар, гигиеналық емшаралар

19.50 -

20.20

20.00 -

20.30

20.10 -

20.40

20.15 -

20.45

 Түнгі ұйқы

20.00 -

6.30

(7.30)

20.30 -

6.30

(7.30)

20.40 -

6.30

(7.30)

20.45 -

6.30

(7.30)

Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен ұстанымдар қарастырылады:

- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуында және оның қабілеттерінің дамуында кешенді тәсілі;

- балалардың жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;

- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда денсаулықты сақтау тәсілі;

- баланың даму деңгейіне мониторинг жҥргізуге және мектепке дейінгі ұйым қызметіне инновациялық тәсіл;

-оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланыс ретінде;

-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасының, ойлауының, сенсорлық қабілеттерінің

дамуына ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру

2017-2018 оқу жылында республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың болашаққа алдағы амалдарын белгілеуге, баланың жеке дамуы үшін қажетті жұмыста жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг енгізіледі. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жартыжылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер болып табылады.

Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.

  Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында:

- бастапқы – қыркүйекте;

- аралық – қаңтарда;

 - қорытынды – мамырда жүргізіледі.

Бастапқы бақылау алдыңғы жас тобындағы мәліметтер (ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен бірге Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды, сондай-ақ, балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық

диагностика (қаңтарда) жүргізіледі.

Аралық педагогикалық диагностиканың жүргізілу мақсаты баланың даму динамикасын анықтау болып табылады. Қорытынды диагностика

ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру деңгейі анықталады және баланың алдағы даму болашағы белгіленеді.

Стандарт талаптары бала дамуының 3 деңгейдің болуын болжайды: 1-деңгей – бала сол немесе басқа қимылдарды қайталай алады; 2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді; 3- деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады. Мониторинг нәтижелері Бақылау парағында (5-қосымша) толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасын (6- қосымша) балалармен жұмыс істейтін педагогтар, мамандар толтырады және оны баланың мектепке дейінгі ұйымда болған барлық уақытында жүргізеді. Топтың Бақылау парағын тәрбиеші мектепке дейінгі ұйым бойынша Жинақ есепті (7- қосымша) құрастыру

үшін әдіскерге береді.

Стандарт

талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау

Балаларды дамыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жағдайларына қойылатын талаптар:

1) тәрбиелеу – білім беру әрекетінде балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін жұмыс тҥрлері мен әдістерін қолдану;

2) әр баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағдарланған тәрбиелеу – білім беру әрекетін мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтары, мамандары мен балалардың ата-аналары арасындағы өзараықпалдастық негізінде құру;

3) балалардың түрлі іс-әрекеттерінде бір-біріне жағымды, мейірімді қарым-қатынастарын және олардың бір-біріне өзара ықпалдастығын ересектердің қолдауы;

 4) ересектердің балаға сыйластық қарым-қатынаста болуы, балалардың өзін-өзі оң бағалауын, олардың өзінің мҥмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімін қолдау;

5) балалардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге және диагностикалауға, әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдай жасау;

6) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда ата-аналарға қолдау көрсету, мектепке дейінгі ұйымның білім беру қызметіне ата-аналарды тарту.

Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1) тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

2) мектепке дейінгі ұйымдарды мектепке дейінгі білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету;

3) педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;

4) баланы тәрбиелеу мен дамыту соның ішінде инклюзивтік білім беру мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарға консультативтік қолдау көрсету,.

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар:

1) ұйымдастырылған оқу қызметінің ең жоғарғы кӛлемін және ҧзақтығын қамтамасыз ету;

2) ұйымдастырылған оқу қызметінің санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлеріне сәйкес болуы. Апталық нормативтік оқу жүктемесі 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының негізінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында анықталған және ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйым топтарындағы балалардың апталық оқу жүктемесінің мүмкін ең жоғарғы көлемі:

ерте жастағы балаларға – 7 сағат; І кіші топ балаларына – 9 сағат;  II топ балаларына – 12 сағат; ортаңғы топ балаларына – 14 сағат;

ересек топ балаларына – 20 сағат; мектепалды даярлық сынып балаларына – 24 сағат.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:

ерте жастағы балаларға – 7-15 минут; орта жастағы балаларға – 15-20 минут; ересек жастағы балаларға – 25-30 минутты құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес екінші кіші топтан бастап вариативті компонент енгізіледі. Апталық

вариативтік компоненттің жалпы көлемі:

 - екінші кіші топтың балалары үшін – 1сағат;

- ортаңғы топтың балалары үшін– 2 сағат;

 - ересек топтың балалары үшін – 3 сағатты құрайды

Вариативті компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, мен мүмкіндіктері, қажеттіліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйымның бағыты ескерілуі қажет. Вариативті компонент мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу жүктемесінің шекті деңгейінен асырылмай ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі ұйымның жасалған жайлы жағдайы әрбір баланың табысты бейімделуіне және

дамуына, қажетті білім, білік және дағдыларды игеруіне ықпал етеді.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта:

 - әрбір жас кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеуге арналған заманауи дидактикалық материалдар мен жабдықтарды қолдана отырып үлгілік бағдарлама мазмұнын тиімді іске асыруға;

- балалардың өмірін сақтау мен денсаулығын нығайтуға;

- балалардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге, инклюзивтік білім білім беруге жағдай жасауға;

- түрлі білім беру және дамыту бағдарламаларын іске асыруға;

-балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимыл белсенділігін қамтамасыз етуге;

- заттық-кеңістіктік ортада балаларды қоршаған ересектер мен балалармен өзара ықпалдастықта эмоционалдық жағдайын жасауға және

балалардың өз ойын білдіруге мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заттық-кеңестіктік дамытушы ортаны құруда гендерлік тәсіл ескеріле отырып, қыздарға және ұлдарға арналған ойыншықтар, материалдар және арнайы заттармен жабдықталуы тиіс. Заттық-кеңестіктік дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру ұстанымын ескеріп құрылады. Бір білім беру саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім салаларының мазмұнын іске асыруда қолдану қажет. Келесі әрекет түрлеріне жабдықтарды таңдау: балалардың физиологиялық, шығармашылық және психологиялық дамуына едәуір дәрежеде ықпал

ететін ойын, танымдық-зерттеушілік, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық және басқа да әрекеттерде жүзеге асады.

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру

Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінің педагогтары, мамандары мен қызметкерлері өз қызметін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және мектепке дейінгі білім беру саласының басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес балалардың тәрбиелеу мен дамытуда салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға жеке жауапкершілікте болады.

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі:

-ұйым Жарғысы және мектепке дейінгі білім беру саласының нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға басшылықты жҥзеге асырады;

 -мектепке дейінгі ұйым қызметінің мақсаты мен міндеттерін, болашағын анықтайды.

-білім беру, тәрбиелеу, әдістемелік және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын қамтамасыз етеді;

- балалардың жан-жақты толыққанды дамуы және олардың денсаулығын нығайту мен қорғау үшін оңтайлы жағдай жасайды;

-практикада озат педагогикалық тәжірибені зерделейді және енгізеді;

 - педагогтардың, қызметкерлер мен мамандардың, біліктілігін үздіксіз және уақытында арттыру үшін жағдай жасайды;

-балалардың тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналардың арасында жұмысты ұйымдастырады, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысуға ата-аналарды тартады, педагогикалық білімді насихаттауға ықпал етеді.

Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері барлық педагогикалық процесті сапалы бағдарламалық- әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері педагогтар мен мамандарға:

-жұмыс жоспарын құрастыруда, тәрбие мен оқыту мазмұнын, формасын, әдістері мен құралдарын анықтауда;

- баланың дамуына мониторинг жүргізуде;

- озат педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуда;

 - ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, педагогтері және басқа мамандарының өзара ықпалдастығына әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіскер педагог кадрлардың аттестациясын, педагогтардың педагогикалық шеберліктері мен әлеуетін арттыру үшін семинарлар, тренингтер және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Тәрбиеші тәрбилеу – білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін:

- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- топтағы тәрбиелеу – білім беру әркетін жоспарлайды;

- денсаулық сақтау шараларын өткізеді;

- топтағы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жҥргізеді;    

- білім беру салаларын кіріктіру ұстанымын ескере отырып, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құрады;

- балалармен жұмыста тұлғаға – бағдарланған тәсілдерді жүзеге асырады;

- жеткен нәтижелерді талдау негізінде баланың және топтың болашақтағы қызметін жоспарлайды;

- озат педагогикалық тәжірибені зерделейді, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады;

- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-аналарға кеңес береді;

 - дамуында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды инклюзивтік тәрбилеу мен оқытуға қажетті жағдай жасайды. Тәрбиеші күні

бойы нақты жас тобының күн тәртібіне сәйкес әртүрлі педагогикалық қызметті жүзеге асырады.

Мемлекеттік, орыс, шетел тілінің педагогтары:

- оқылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады;

 -оқудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады;

- баланың тұлғалық тілдік мәдениетінің қалыптасуына жәрдемдеседі;

- баланың тілдерге жеке қабілеттерін айқындайды және оның дамуына ықпал етеді;

 -интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;

- үш тілде оқытудың бірлігін жүзеге асырады.

Мемлекеттік тілдің оқытушылары орыс тілінде оқитын топтарда мақсатты қазақ тілін оқытуды және орыс тілінің оқытушылары қазақ тілінде оқитын топтарда орыс тілін оқытуды Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырады.

Музыка жетекшісі:

- балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады;

- музыка сабақтарын, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

- музыкадан дарынды балаларды анықтайды;

- балалармен жеке жұмыс өткізеді;

- балаларға музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңес береді.

Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологы:

 -балалардың психологиясы мен әлеуметтік саулығы үшін жағдай жасайды;

 - балаларға, тәрбиешілерге, ата-аналарға әртүрлі оңалту және кеңес беру көмек түрлерін көрсету бойынша шаралар қабылдайды;

- әрбір баланың жеке психологиялық-педагогикалық картасын құрады;

- шығармашыл дарынды балаларға психологиялық қолдауды көрсетеді, олардың дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі ұйымның дефектологы, логопеді:

 - балалардың психологиялық, дене бітіміндегі және физиологиялық ауытқушылықтарына диагностика жүргізеді;

- ауытқушылық көріністері қҧрылымы мен дәрежесін анықтайды;

- бұзылған функцияларды қалпына келтіру бойынша жеке және топтық түзетулерді жүзеге асырады;

- дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуіне ықпал етеді;

- дамуында ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетуде арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналарға кеңес береді. Дене шынықтыру нұсқаушысы:

- ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

- дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді;

 - инновациялық технологияларды қолданады;

- денсаулық сақтау мәселелерінде ата-аналарға кеңес береді, қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-гигеналық жағдайды қамтамасыз етеді;

- арнайы медициналық топқа жататын, балалармен қосымша сабақтар өткізеді. Медицина қызметкері:

- балалардың денсаулығы және дене бітімінің дамуына жауапкершілікте болады;

- емдеу-алдын алу шараларын өткізеді;

- санитарлық-гигеналық нормаларды, күн тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

- балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды, азық-түлік сапасын бақылауды жүзеге асырады, тағайындалған нормалар мен талаптарға сәйкес ас мәзірін жасайды, азық-түліктерді қоюға қатысады, сынама алады, дәрігердің ұйғарымына сәйкес диетамен тамақтануға мұқтаж балалар үшін жеке ас мәзірін қамтамасыз етеді.

 Мектепке дейінгі ұйымдарға қосымша білім беру қызметін енгізу (хореография, жҥзу, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық және т.б.) әрбір жас кезеңі үшін тағайындалған оқу жүктемесі аясынан аспауы тиіс.

Тәрбиешілердің

педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері

Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, рухани, кәсіби, мәдени жетілуге ұмтылысы мықты тұлға болуы тиіс . Үлгілік бағдарламада анықталған міндеттерді табысты іске асыру үшін педагог балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын білуі және қолдануы тиіс. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, өздігінен білім алуы тиіс. Педагог мектепке дейінгі педагогика мен психологияны, мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі тиіс. Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес педагог баланың дамуына диагностика жүргізу әдістерін игеруі, мамандармен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа жеке жоспарларын анықтауы қажет. Жоғарыда

аталғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:

- үнемі өздігінен білім алуы;

- педагогтар мен ата-аналар үшін ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетудә өткізуі;

- тәрбиелеу мен оқытудың иннновациялық технологияларын игеруі;

- мақалалар, баяндамалар дайындау арқылы озат педагогикалық тәжірибені тарату, конференциялар мен семинарларға қатысуы;

- үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

- өзінің біліктілігін алуы және дәлелдеуі үшін мерзімінде аттестациядан өтуі;

 - жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуі;

 - педагогтарға арналған тҥрлі байқауларға қатысуы;

- портфолионы өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерімен үнемі толықтырып отыруы қажет.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2017 жылы педагогтарға көмек көрсету мақсатында келесі әдістемелік материалдарды әзірледі:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;

 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары;

- «Халық ауыз әдебиеті – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары;

 - «Сюжетті-рөлдік ойын – мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы» әдістемелік ұсынымдары;

 - Балалар әндері жинағы әдістемелік ұсынымдармен бірге;

- «Мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» әдістемелік ұсынымдары.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогтары мен мамандарына кешенді әдістемелік көмекті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz порталы қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық

құжаттардың тізбесі

Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі

ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті- құқытық құжаттардың тізбесі: 1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

2.«Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.

 3.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V Заңы.

4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы.

5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тҥзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.

 6. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы.

 7. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» ҚР ҦЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы.

8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке

дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысы.

9. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы.

10. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

11. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан

кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы.

12.«Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.

13.«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі,

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы.

14.«Тиісті үлгідегі білім беру ҧйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы.

15. «Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы

16. «1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.

 17.«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.

18. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру

нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.

Просмотров: 2662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст