«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новобратское отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Картинки по запросу логотип инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Даналардың қасиетті сөздері»

13.04.2020

«Даналардың қасиетті сөздері»

  «Әлемді билейтін сөз, сөзді билейтін ақын» деген әдемі нақыл тағы бар. Сол қасиетті сөздің жусан иісті кимберлиттей керемет кермиығы – әдебиет. Арабша «асыл сөз» деген ұғымды білдіретін әдебиет Табиғат-Ананың өзіндей киелі, мәңгі. «От қадірін жаққан, мал қадірін баққан біледі» дегендей, әдебиеттің қадірін сол асыл сөзді жасаушы ақын-жазушылар, сосын дара туған даналар жақсы білген. Қазақтың Ұлы Даласында желдей есіп, ескіден жеткен есті сөздердің бірі былай дейді: «Мәңгі ел» — өміршең идея, бабаларымыздың арманы.

   «Мәңгі ел» сөзінің терең тарихи мағынасы бар. Мәңгі ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік рухымыз пен ұлттық құндылықтарымызды сақтауға негізделген. Жоғарыда аталғандай, «мәңгі ел» сөзінің тарихи тұп негіздері ертеде. Сақ-ғұн дәуіріндегі «Ергенекөн» дастаны — ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, Көк Түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты құрылған кезеңге дейінгі аралықта 450 жыл ішінде болған оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата-тегін түрлі аңызәфсаналар бойынша жыр еткен ежелгі түркі ауыз әдебиеті ұлгілерінің бірі. Көне түркі жазба әдебиетінің сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, аңыз-әфсаналар «Ергенекөн» дастанында кездеседі [1,66]. Бұл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаған ел қалмапты. Бұлардың «даңқы жер жарып, беделі асқар таулардан асып тұрған заманда» көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зұлымдық ойлапты. Түркілерді алдап соқпақ болады. Осы оймен олар түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері дереу шегініп, қаша жөнеледі. Бұл олардың айлатәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бұрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын тұтқындап әкетеді [1,68]. Түркі ханы Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза табады. Тек кенжесі Қаян ғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз өздерінің әйелдерімен бірге тұтқыннан қашып шығады. 2284 Бұлар қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жұртына келеді. Қаян мен Тоғуз жайылып жұрген төрт түлік малды көреді. Олар төрт түлік малдың әрқайсысынан бір-бір жұптан ғана алып, алыс жолға аттанады. Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы — артынан келген жау іздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Бұлар талай кұндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер ұнамайды. «Бірі — шөпсіз, бірі — сусыз, бірі — күнсіз» болып шыға береді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы — жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы — шұйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ тектес жерді «Ергенекон» деп атапты [1,70]. Ергенекон жері түркілерге құтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар қаяттар, ал Тоғуздың баласы Түрілгеннен тараған түркештер тайпасы өмірге келіпті. Бұлардан тараған ұрпақтар өсіп-өніп, төрт жүз жыл ішінде тұтас бір халыққа айналып, табғаштардан кек қайтарады. «Түрік қағанаты» атты мемлекет құрғаны жырланады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші Қ.Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [2, 20-21]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. «Күлтегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғ.Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [3, 63]. Түркі халқының жер бетінен жоғалып кетпей, сақталуын тілейді. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтіксаяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс [4,1]. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне 2285 «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды [4,1]. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, рухтың мәңгі өмір сүруіне ұмтылуы, халық арасында тараған аңыздардан көрінеді. Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, айырылмай, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Асан Қайғы қашан да ханға жағымпазданып-жарамсақтанбай, қаймықпай тура сөйлеген. Асанның толғауларында бұл анық байқалады. Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің, [5,14], – дейді. Хандық дәуірдегі әдебиет өкілдері де «Мәңгі елге» төнген қауіпті сезді, жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Доспамбет жырау. Доспамбет – жорықшы жырау. Оның толғауларында ұрыс майданында болғанын, ұрысқа тікелей араласқанын суреттейтін жыр жолдары мол. ... Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе, Бетегелі Сарыарқаның бойында, Соғысып өлген өкінбес, [5, 26]. Үмбетей жыраудың: Жар басына қонбаңыз, Дауыл соқса, үй кетер. Жатқа тізгін берсеңіз, Жаламенен бас кетер [5,71] – деп, отаршылықтың кесапатынан алдын алуы тегін емес. Халқымыздың ұлттық құндылықтарының жойылып бара жатқанын, ел билеудегі көңіл толмайтын қайшылықтар, патшалық Ресей үстемдігінің күшейе түсуі, халықтың әлеуметтік һәм рухани күйзеліске ұшырауы зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман деген терминді қазақ әдебиеттану ғылымына алып келген М.Әуезов болатын. Бодандық қамыты қажай түскен, бостандық ауылы алыстап бара жатқан сол кезеңді шығармашылығының өзегі етіп жырлаған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, т.б. ақындар шоғыры. Ескі әдебиеттің соңы мен жаңаша жазба әдебиеттің басы болып табылатын зар заман ақындарының бір ерекшелігі де осында. Бұлар жай ғана ақындар емес еді, халық қамын ойлаған, келешегін кеңінен көре білген ғажайып ұлт қайраткерлері туған халқының болашағына бей-жай қарай алмады. Олардың ең басты көтерген тақырыбы – ұлт ретінде жойылып, бодандық кіріптарлыққа түсуге қарсылық білдірген өршіл жырлар. Сондықтан ақындардың өлеңжырларында патшалық Ресейдің сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі. Қасиет тұнған 2286 өлкенің ең шұрайлы жерлерін заңсыз басынып, қазақ халқының құқына қол сұғып, ұрпағын аздырып, дінін тоздыру секілді үстем пиғылға қарсылық әрекеттері арқылы аталған ақындар ұлт қайраткерлері дәрежесіне көтерілді. Тек қана империялық үстемдікке қарсы болды деп біржақты қарасақ, қателескен болар едік. Ақындар шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.

     Мұрат Мөңкеұлы шұрайлы жерінен айырылған елді азаттық күреске шақыру дәрежесіне дейін көтереді:

Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны.

Маңғыстаудың үш түбек Оны дағы алғаны. ...

Қоныстың бар ма қалғаны?! [5, 353].

     Жыраулар поэзиясынан тамыр тартқан зар заман өкілдерінің бастамасын ХХ ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов жалғастырғаны анық.

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,

 Істей берсін қолдарынан келгенін, – деп,

     Мағжан Жұмабаев жырлаған Алаш арыстары бүгінгі Қазақ тәуелсіздігін көрмегенімен, оның таңы түбі ататынына сенді. Сол үшін Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» (Орынбор, 1909), Байбатыр Ержанұлы «Тұр, қазақ!» (Қазан, 1914) және Әбілқасым Арғыни «Жатпа, қазақ!» (Ташкент, 1917) еңбектерін арнап, елдің рухын оятты. Нәтижесінде, алаштықтар артына ертеңгі ұрпағына болашақ бағыт-бағдар ретінде мол мұрасын қалдырды, «Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш» деп барша қазаққа ортақ идеологиялық ұстанымын орнықтырды.

      М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңі сол заманның ұранына айналғаны сөзсіз.

 Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

 Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты, [6, 24]- деп, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды.

   “Мәңгiлiк ел” нысанасының рухани мәйегi – елдiк қасиет, яғни ел бiрлiгi идеясы. Жоғарыда аталған жазбалардың бәрi де “бiрлiк” мәселесiн “мәңгiлiк елдiң” түрiктiк кепiлi ретiнде бағалайды. Сол береке-бiрлiк, ынтымақ, елдiк қасиет үшiн дұшпанына да бейбiт өмiр тiлейдi.Ұлыларымызды түгендеу ұлтты ұлылыққа бастайтын алтын баспалдақ болғай.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Н.Келімбетов. Ежелгі әдеби жәдігерліктер.- Алматы: Алатау, 2005.- 332 б. 2. Сыдықов E. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 б. 3. Күлтегін Тоныкөк: 

Просмотров: 1231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст